Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз құмар ойындар мен букмекерлік қызметті ұйымдастырған 4 адамға халықаралық іздеу жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төртеуіне қатысты Алматы облысы мен Алматы қаласы аумағында "1WIN" онлайн-казино түрінде заңсыз құмар ойындар мен букмекерлік қызметті ұйымдастыру және басқару, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету, заңсыз бас бостандығынан айыру күдігімен іздеу жарияланды. Осыған байланысты қылмыстық әрекеттерден түскен қаражат 3,8 миллиард теңге.
Егер сізге іздеудегі тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, төмендегі телефон нөмірлеріне хабарлауға болады:
Анонимділік пен сыйақы кепілдендіріледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!