Сырымбет Қаскеев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Сырымбет Ерденұлы Қаскеев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Сырымбет Қаскеев 2014 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін қолданбалы математика және информатика мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары Халықаралық Валюта Қорының қаржылық бағдарламалау және саясат, фискалдық талдау және болжау бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
2014-2016 жылдар аралығында "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ талдамалық зерттеулер және болжамдау орталығының аға сарапшысы, директордың орынбасары лауазымдарын атқарды.
2016 жылдан бастап 2017 жылға дейін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-да стратегия және жоспарлау департаментінің бас менеджері лауазымында жұмыс істеді. 2017-2020 жылдары "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ талдау және зерттеулер департаментінің бас менеджері қызметін атқарды, 2020-2022 жылдары "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жобалық қаржыландыру және инвесторлармен жұмыс департаменті жобасының басшысы қызметін атқарды. 2022 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің макроэкономикалық саясат департаментінің директоры болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!