Тамақты түбі жабыспайтын, бірақ сырылған табада пісіруге болмайды, себебі бұл қатерлі ісік қаупін арттырады. Бұл туралы диетолог Елена Соломатина ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Егер жабыспайтын жабын пышақпен немесе шанышқымен сызылған болса, табаны аямай тастаңыз. Тефлон ыдырай бастайды және ол канцерогенді болады, бұл қатерлі ісік қаупін арттырады", - деді Елена Соломатина.
Оның айтуынша, сызат, жарығы жоқ ыдыстарды ғана пайдалануға болады.
Дәрігер денсаулыққа зиян тигізбейтін, құрамы бейтарап саналатын керамика, фарфор немесе шыны табаларға артықшылық беруге кеңес берді.
Маманның айтуынша, алюминий жұмсақ әрі жеңіл, жылу өткізгіштігі жоғары және коррозияға төзімді, бұл оны ыдыс-аяқ жасауға сай тамаша материал етеді. Алайда алюминийден жасалған ыдыс дұрыс пайдаланылмаса, тамақтан улануды немесе денсаулыққа басқа да жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!