ҚР Сыртқы істер министрлігі Ауғанстан халқына көңіл айтты, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
"Ауғанстанның шығысындағы жойқын жер сілкінісінің кесірінен елеулі адам шығынына байланысты ауған халқының қайғысына ортақтасамыз.
Қазақстан халқы мен басшылығының атынан осы апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз. Қалыпты тіршілікке тезірек оралуға тілектестік білдіреміз", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Ауғанстанда 6,1 балдық жер сілкінісі болды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, жер сілкінісі салдарынан 1000-нан аса адам қаза болып, 600-ден аса адам жарақат алды.