- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сыртқы қарызға халықтың...
"Сыртқы қарызға халықтың қатысы жоқ"- сарапшы Айбар Олжай
Қаржы, биржа, макроэкономика шолушысы Айбар Олжай "Бағдар" ютуб арнасына берген сұхбатында Қазақстанның сыртқы қарызына халықтың қатысы жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстанға сыртқы қарыздан төніп тұрған қауіп жоқ. Біздің жалпы ішкі өнімнің 24 пайызы. Ол 30 пайыздан аспауы керек. Соңғы жылдары үлкен фондтардан алатын сыртқы қарызды азайттық. Ол нысаналы мақсатта ғана жұмсалып жатыр. Сыртқы қарыздың 2 түрі болады. Сыртқы қарызға халықтың қатысы жоқ, ал мемлекеттің қарызына бәріміздің қатысымыз бар" - дейді Айбар Олжай.
Алайда мемлекеттің қарызы ішкі қарызбен жүретіндіктен одан келер қауіптің де жоқ екенін айтты.
"Қарызды алмасақ та болмай тұр. Бюджеттің табысы мен шығысының арасындағы дефицит 4 трилион теңге. Оның жартысын ұлттық қормен жабамыз, қалғанына қарыз аламыз. Мемлекеттің қарызының басым бөлігі ішкі қарыз. Мәселен қаржы министрлігі қор биржасында облигация шығарады. Ол облигацияны компаниялар, банктер сатып алып, қаржы министрлігіне қарыз бергендей болады. Бұл ішкі қарыз теңгемен жүретіндіктен мемлекетке ешқандай қауіп жоқ. Тек жыл сайын ішкі қарыздың көбеюі алаңдатады. Табыстың өсуі шығыстың өсуінен қалып бара жатыр. Бұл екеуі бірдей жүруі керек", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Зинешов