Талдықорған полицейлері мысықты қорлаған ер адамды тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. 24 қаңтарда күдікті ұсталды. Оның сөзінше, дүкенге жүгіріп кірген мысықты сыртқа шығарғысы келген. Бірақ жануар ер адамның қолын тырнап алған. Ол осы себептен кейін қатыгездік әрекеттер істегенін айтқан.
Қазір күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша жауапкершілік төніп тұр.
Айта кетейік, бұған дейін Желіде Талдықорғанда ер адам мысықты ағашқа лақтырып, кейін тепкен сәттің видеосы пайда болған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!