- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сырт келбетіңіздегі мына...
Сырт келбетіңіздегі мына белгілер дәрумен тапшылығы туралы айтуы мүмкін
Сырт келбетіңіздегі қандай белгілер денеде дәрумендер мен минералдың жетіспеушілігі туралы атйуы мүмкін? Бұл туралы диетолог Лиза Афин айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter-ге сілтеме жасап.
"Біздің денеміз әрқашан ағзамызда бірдеңе дұрыс емес болса, сол туралы хабарлауға тырысады. Өзіңізді бақылап көріңіз. Шаш әлсіз болып, сынып, ерін жарылып, келбетіңіз бозарып жүрсе, бұл өзгерістер назардан тыс қалмауы керек", - дейді сарапшы.
Сонымен, назар аударуға тұрарлық белгілер.
Жұқа және сынғыш тырнақ. Көбінесе бұл темір тапшылығының айқын симптомы, нақтылау үшін сараптама тапсыру керек. Сондай-ақ, бұл селеннің шамадан тыс мөлшері туралы айтуы мүмкін, әсіресе Бразилия жаңғақтарын жиі жесеңіз немесе осы элементпен қоспалар ішіп жүрсеңіз.
Сынғыш тырнақтың себебі болуы мүмкін:
- мырыш пен магнийдің жетіспеушілігі;
- суда ұзақ болу;
- кейбір аурулар (жүйелік амилоидоз, Рейно ауруы);
- кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдау (антиретровирустық препараттар, ретиноидтар).
Келбетіңіз әрдайым бозарып жүрсе. Бозару мына дәрумендер тапшылығынан жиі болады:
- темір;
- В12 дәрумені;
- В9 дәрумені.
Мұндай симптом мыстың жетіспеушілігінен немесе қан жоғалтудан да пайда болуы мүмкін. Өзіңізді бақылап көріңіз, егер теріңіздің түсі бордың түсіне жақын болып көрінсе, дәрігерге қаралу уақыты келді деген сөз.
Шаштың түсуі. Бұл белгі жиі кездеседі, себебі:
- темір;
- мырыш;
- биотин;
- В2 дәрумені;
- қажетті майлар тапшылығы.
Сондай-ақ, шаштың түсуіне тамақтанбау, А дәрумені мен селеннің артық мөлшері себеп болуы мүмкін.
"Басқа стресс, қалқанша безінің бұзылуы, кейбір дәрі-дәрмектердің жанама әсері, эндокриндік аурулар, гормоналды өзгерістер және кейбір аутоиммунды аурулар, мысалы лупус, псориаз себеп болуы мүмкін", - дейді диетолог.
Ұшық. Өзіңізге ешқашан ұшық шықпағанымен, достарыңыздан немесе таныстарыңыздан ұшыққа қатысты шағым естіген боларсыз. Еріннің бұрыштарында терең жырық пайда болып, ыңғайсыздық тудырады. Тамақтану, ішу, сөйлесу және күлімсіреу кезінде қатты ауырады.
Көбінесе ұшық - В дәрумендерінің жетіспеушілігінің белгісі (B2, B3, B6, B7, B9).
Олар сондай-ақ мына себеппен пайда болуы мүмкін:
- А дәруменінің шамадан тыс мөлшері;
- құрғақ тері;
- герпес;
- экзема;
- бірқатар аурулар (мысалы, қант диабеті, Шегрен синдромы).
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә