- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сырт келбет маңызды...
Сырт келбет маңызды ма? Желіде "көлігі бұзылған" қыздардың эксперименті қызу талқыға түсті
Алматыда қыздар қызық әлеуметтік эксперимент жүргізді. Олар ер адамдар көлігі бұзылған әйелдерге көмектесе ме және оған сырт келбеттің маңызы бар ма екенін анықтап көргісі келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ер адамдардың 90%-ы "әйел адамда ең маңыздысы - жан-дүниесі" деп айтады. Олардың сөзін іс жүзінде тексеріп көрейік.
Біз әлеуметтік эксперимент өткіздік. Біз екі түрлі кластағы көліктерді алдық. Және де екі қыз әртүрлі киінді. Ер адамдар бұзылған көлікке көмектесу үшін қай қызға көбірек тоқтайтынын тексергіміз келеді", - деп жазды Эсманур есімді қыз.
Видеороликтегі бірінші қыз джинс шалбар, оверсайз-футболка және кепкадан тұратын күнделікті киім киді. Алайда оның көлігінің қасына ешкім тоқтамады.
Ал екінші қызда класы жоғары автокөлік болды. Қыз биік өкішелі туфли және көйлек киіп тұрды. Оның жанына көмекке ер адамдар көп тоқтады. Тіпті, жол полициясының қызметкерлері де келді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары бұл экспериментке қатысты өз ойларын бөлісті.
"Ер адамдар әйелінің жабық киінгенін қалайды, бірақ өздері тартымды киінген әйелдерге қарайды", "Бұл шындық, жақында дөңгелегі жарылған қыз тұрғанын көрдім. Өзі де, көлігі де қарапайым. Оған көмектесуге ешкім тоқтамады", "тіпті полиция тоқтады", - деп жазды олар.
Алайда кері жағдайлар жайлы жазған әлеуметтік желі қолданушылары да болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова