Танымал актер, "Миллион" командасының мүшесі Қанат Тасхан "Жұлдызбысың?" бағдарламасында балалық шағын еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі Сырдарияның жағасындағы ауылда туып-өскен.
"Бала кезімде суға кете жаздағаным есімде. Біз Сырдарияның жағасында орналасқан Қожатоғай ауылында тұрғанбыз. Балалардың бәрі біразға дейін жүзіп кетті, сөйтіп менің көзіме олар жақын секілді көрінді. Содан мен де басқалардан қалмайын деп бәрі кеткеннен кейін тәуекелге бел буып, суға түсіп кеттім. Өзім жүзіп енді үйреніп жүргенмін, сонымен жүзіп келе жатырмын, бір уақытта шаршай бастадым. Жігіттерге жете алмай жатырмын, олар анда күліп-ойнап мәз. Бір кезде суға батып жатқанымды түсіндім. Асқар деген сыныстасып қатты жүзетінін білетін едім, "Асқар" деп жан дауысыммен айғайлай бастадым. "Болды, біттім" деп ойладым, Асқар мені естіді де, маған қарай бар жылдамдықпен жүзе бастады. Асқар келді де, мені судан шығарды", - деді актер.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қос нүктенің сөйлемдегі басты қызметі қандай?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!