Полиция қызметкерлері Түркістан облысындағы жасөспірімдердің төбелесіне қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
21 қыркүйекте Келес аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 11-сынып оқушыларының төбелесіп жатқанын хабарлаған.
"Оқиға орнына Түркістан облыстық ІІД мен аудандық ішкі істер бөлімінің басшылығы дереу барды. Келес ауданындағы мектептің жоғары сыныптағы екі оқушысы өзара сөзге келген. Олардың бірі көрші мектептегі жоғары сынып оқушысын шақырып, сыныптасын соққыға жыққан. Соның салдарынан жарақат алған 11-сынып оқушысы ауруханаға түсті. Қазір ол емделіп жатыр. Оқиғаға қатысты сараптама тағайындалды", - деді аудандық полиция қызметкерлері.
Оқиға куәгерлері төбелесті видеоға түсірген. Ол әлеуметтік желіге тарап кеткен.
Ресми мәлімет бойынша, бұл дерек "Бұзақылық" бабы бойынша тіркеліп, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкрелерінің мәліметінше, бұған дейін Түркістан облысы ПД бастығының тапсырмасымен облысқа қарасты 17 ауданда полиция, әкімдік пен мектеп ұжымы жиналып, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында бірқатар іс-шарады ұйымдастырған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!