- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сыныптастарымен жанжалдасады". 18...
"Сыныптастарымен жанжалдасады". 18 күн бойы сабаққа бармаған оқушының анасы жазаланды
Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында оқушы 18 күн бойы мектепте бармаған. Осы дерекке байланысты оқушының анасына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы жағдайға байланысты Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ӘҚБтК-нің 127-бабы 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша оқушының анасына қатысты әкімшілік іс қаралды.
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 70 б. сәйкес ата-аналар өз баласын тәрбиелеуге және баланың міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сотта әйел ұлының саббаққа бармауын былай түсіндірді: "Балам сабақ оқығысы келмейді, мектепке барғысы жоқ және сыныптастарымен жанжалдасады".
Алайда, учаскелік инспектор мектепте кәмелетке толмаған бала мен басқа оқушылар арасында жанжал анықталмағанын көрсетті. Бұл сабаққа келмеу оқиғасы бірінші рет емес.
Айта кету керек, ұлын тәрбиелеу бойынша ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін азаматша бұрын ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сот қаулысымен әйел ӘҚБтК-нің 127-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 55 мың теңге әкімшілік айыппұл тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz