Сыныптастары секс-құлдықта ұстаған оқушы: 11 күдікті қамауға алынды

Сыныптастары секс-құлдықта ұстаған оқушы: 11 күдікті қамауға алынды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қызылордада сыныптастары секс-құлдықта ұстаған оқушының ісі бойынша 13 күдікті анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл іс бойынша 13 күдікті анықталды, оның 11-і ұсталды, қалған 2 адам үй қамауында отыр. Қазіргі таңда қылмыстық істер қозғалды. Енді пікір білдіре алмаймын.

Себебі қалған жағдай тергеушілердің құзыретіне кіреді. Тергеу тобы бәрін тексереді. Клиенттерді де тексереді", – деді Игорь Лепеха Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Материал толықтырылып жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Есен