- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сымсыз жеделсатының концепті...
Сымсыз жеделсатының концепті таныстырылды
Біздің заманымызға дейінгі дәуірде жеделсатының қолданыста болғаны тарихтан белгілі. Қазіргі кезде Архимед құрастырған жеделсатылардың концепті «классикалық» болып табылады. Дегенмен қаншама жыл өтсе де оның құрылымдық моделі дамытылғанымен, көп өзгеріске ұшыраған жоқ. Ал сол өндірістің жаңа қырын ашуды немістің ThyssenKrupp монополистік бірлестігі қолға алыпты.
Германиядағы ең үлкен өндіріс көнцерндерінің бірі биік ғимараттарға арналған тарнспорттық жүйені жасап шығарған. Жеделсатының платформасы MULTI деп аталып, көтерілу кезінде қозғалтқыш немесе сым арқанның орнына жүрдек поездтардың концептіндегідей электромагнитті жиекті қолданатын болады.
Демек жеделсатының кабинасы шектеусіз тек жоғары не төмен емес, көлденеңінен де қозғала алуы әбден мүмкін. Сосын бір жүйеде біркелкі кабиналардың саны көбейіп, айналымы реттелсе, жеделсатыны күту 30 секундтан аспайтын болады.
Жаңа концепт кез-келген қаланың сәулетін өзгертіп жіберуі мүмкін. Ендігі ғимараттың жобалары жеделсатылардың тік құрылымын қолданбайтын болады. Ал қуаты қолданыста бар жеделсатылардан 50%-ға жоғары болып, секундына 5 метр жылдамдықпен қозғалмақ.
Бір қызығы немістер жаңалықты қағаз күйінде қалдырмай жылдам іске кірісуді негізге алып отыр. ThyssenKrupp заманауи жеделсатыны 2016 жылда тәжірибеден өткізетін болады. Егер тәжірибе сәтті өтсе, классикалық жеделсатылар толығымен қолданыстан шығады.
Сурет: www.prnewswire.com
Ж. Өрісбай