"Сымға ілініп, салбырап тұрған". Павлодарда 47 жастағы ер адам биік қабаттан құлап мерт болды
Павлодарда ішімдікке сылқия тойып алған ер адам оныншы қабаттан құлап мерт болды. 47 жастағы азаматтың сымға ілініп салбырап тұрғанын куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Көп ұзамай мас азамат кіреберістің маңдайшасына құлаған. Алған жарақаты ауыр болып, тілге келмей көз жұмды.
Жергілікті тұрғындар марқұмның қайғылы жағдайдан бірер уақыт бұрын өзін "учаскелік полиция қызметкері" деп таныстырып, пәтерлерге кірмек болғанын айтады.
Полиция департаменті бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
"Ер адамның құлау фактісі ҚР ҚК 105-бабы бойынша "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" фактісі Павлодар қаласының оңтүстік полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімге тіркеліп, бірқатар сараптама тағайындалды", - дейді Павлодар қаласы ПБ тергеу бөлімшесінің бастығы Алмагүл Төлебаева.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина