- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сымбатты адам, әдемі...
"Сымбатты адам, әдемі дауыс". Баян Алагөзова марқұм әкесі орындаған әнді жариялады
Баян Алагөзова марқұм әкесі Мақсат Мұхитдинов орындаған әнді видео етіп жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сымбатты адам, әдемі дауыс. Папа ❤️", - деп жазды Баян Алагөзова.
Мақсат Мұхитдинов Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің "Махаббат мұңы" дейтін әнді орындаған.
Продюсердің оқырмандары көңіл айтып, жазбаға "Әкеңіздің дауысы керемет", "Тыңдай бергім келеді, мықты дауыс" деп пікір жазып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, қазақстандық продюсер, актриса Баян Алагөзованың әкесі Мақсат Мұхитдинов 2023 жылғы 6 қаңтарда қайтыс болды.
Марқұм Мақсат Мұхитдинов дыбыс режиссері болған. Оның Баян, Бағым, Бәтес есімді үш қызы бар. Баян Алагөзова - актриса, продюсер. Ал Бағым Мақсатқызы - кәсіби музыкант. Бәтес Мақсатқызының ұлы Айдар Асқарбек - актер, қызы Аша Матай - белгілі әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан