- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сылақшы қыз, Қойшы...
"Сылақшы қыз, Қойшы бала сияқты танытып жіберейік". Желіде жаңа талант пайда болды
Танымал блогер Дәулет Мұқаев Instagram-парақшасында спорт залда ән айтып жүрген баланың видеосын жариялаған еді. Талантты бала "1001 ТҮН" бағдарламасына қонақ болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Танылмаған талант. Оқушының дауысын бағалай отырыңыздар", - деп жазған Желіде блогер.
Instagram қолданушыларының сөзінше, видеодағы оқушының есімі - Жарқын. Ол - Қарқаралы ауданы Бесоба аулының тұрғыны.
"Оханов Жарқын Асқарұлы. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бесоба ауылы. Әкесі қарапайым жылқышы, ат баптайды, ұлы дала жорығының қатысушысы. Әкесі де керемет ән салады", "Сылақшы қыз, Қойшы бала сияқты танытып жіберейікші", "Қазақ ұлтының қанының тазалығы сонша, тұлабойлары тұнған талант қой, шіркін", "Бағы ашылып, Димаштай әнші атансын", "Денем шымырлап кетті ғой", - деп жазған пікір білдірушілер.
Жарқын "1001 ТҮН" бағдарламасына қонаққа келген. Ол видео қалай түсірілгенін айтып берді.
"Видеоны волейболдан беретін апайым түсіріп алды. Біз сағат 7-де волейболға келіп, 9-ға дейін ойнаймыз. Сол кезде кезекшілер келіп, еден жуады. Сол кезде бір кезекшіге көмектестім. Ән айтып жүргенде, мұғалімім "жақсылап айтшы, түсіріп алайын" деп, түсіріп алды. Сөйтіп, TikTok, Instagram-ға салып жіберген. ...Әкемнің орындалмай кеткені арманы болған. Ол да әнші. Алматыда оқыған, бірақ белгілі бір себептермен оқуы тоқтап қалып, ауылға келіп, жылқы бағып кеткен. Ауылда концерттерде әкемді Мәдениет үйіне шақырып тұрады", - деді Жарқын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова