Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанға 126 легионер келіп, біздің елдің азаматтығын алған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "Бірінші бол" YouTube арнасында айтылды.
Кейінгі 6 жылда спортты дамытуға бюджеттен 1,4 трлн теңге бөлінген. Оның тек 2,5 пайызы бұқаралық спортқа жұмсалса, қалған сома басқа нысандарға кеткен.
Атап айтсақ, шетелден легионер тарту, олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерін қаржыландыруға көп қаржы жұмсалған.
"Олимпиадалық спорт түрлерін қаржыландыруға түсіністікпен қарауға болады. Алайда үкімет стрип-пластика, петанг, балық аулау спорты секілді федерацияларға да қаражат бөліп келгені анықталып отыр", – делінген видеода.
Мұндай ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі берген.
Айта кетейік, Үкімет алдағы үш жылға тағы да 1,3 трлн теңге қарастырған екен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!