Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-вице-министрге қатысты тергеуді аяқтады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-вице-министрге қатысты тергеуді аяқтады
Фото: elements.envato.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму экс-вице-министрі Тимур Тоқтабаевқа қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Т.Тоқтабаевқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол Қостанай облысындағы қатты пайдалы қазбалардың (никель және кобальт) ірі қорлары анықталған "Шевченковское" кен орнын барлау сылтауымен аффилиирленген тұлғаларға аукционсыз заңсыз берген деп айыпталды.

Нәтижесінде, оның бақылауындағы компания қол қою бонусының ең төменгі құнымен өндіруге дайын кен орнын алған.

Өзінің әлемдік қорлары бойынша бірегей никель және кобальт түріндегі қатты пайдалы қазбалар 100 миллион тонна 5,7 триллион теңге сомасына бағаланады.

Тергеу барысында қабылданған шаралармен аталған кен орны мемлекет пайдасына қайтарылды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айыпталушы Т.Тоқтабаевты сотқа берді.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек