- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сыбайлас жемқорлық бойынша...
Сыбайлас жемқорлық бойынша рейтинг: әкімдіктер көш бастап тұр
Биыл жеті айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жемқорлыққа қатысты 1,2 мың іс тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 8,1 пайызға көп, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Жемқорлыққа қатысты ең көп қылмыс саны
Қылмыстың көбі пара беруге қатысты болған (364 жағдай). Ең көп таралған қылмыстардың қатарына пара алу (249 жағдай), сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе жымқыру (210 жағдай), сыбайлас жемқорлық алаяқтық (143 жағдай) және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану (137 жағдай) кірді.
2024 жылдың жеті айында 933 қазақстандыққа сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар болғандықтан күдікті деп тану туралы қаулы шығарылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,4 пайызға көп. Оның ішінде 548 адам сотқа тартылды.
Қандай мемлекеттік орган қызметкерлері жемқорлық қылмысын көбірек жасаған?
Көбінесе сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар үшін әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері сотталған. Сотқа берілгендердің арасында Ауыл шаруашылығы, Төтенше жағдайлар министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Қаржы министрлігінде қызмет ететін көптеген ішкі істер органдарының қызметкерлері болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина