Светлана Назарбаева қайтыс болды - дереккөз

Светлана Назарбаева қайтыс болды - дереккөз
Фото: rmebrk.kz

Светлана Назарбаева 76 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұны Tengrinews.kz дереккөзі растады.

Светлана Назарбаева - Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні.

Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхананың сайтында Светлана Мырзахметқызы Назарбаева Алматы облысы Бөрлі-Төбі ауданы Лепсі ауылында дүниеге келгені жазылған.

Абай атындағы қазақ педагогикалық институтын бітірген, мамандығы бойынша филолог, педагогика ғылымдарының кандидаты.

1981-1984 жылдары Алматының Әуезов ауданындағы №91 орта мектеп директорының орынбасары;

1984-2003 жылдар аралығында №24 орта мектептің, кейін №130 гимназияның директоры болды.

2003 жылдың қараша айынан бастап "Дәуір" республикалық полиграфиялық баспа кешенінің бас директоры.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лес
Logotype Massaget