- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Светлана Жақыпова жаңа...
Светлана Жақыпова жаңа қызметке тағайындалды
Светлана Жақыпова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, Светлана Жақыпова 1968 жылы Қарағанды қаласында туған. 1991 жылы Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институтын, 2006 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын аяқтады.
- 1984 - 1986 жылдары Қарой бастауыш мектебінде ұзартылған күн тобының тәрбиешісі, бастауыш сыныптардың мұғалімі болып жұмыс істеді;
- 1986 - 1991 жылдары - Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институтының студенті;
- 1991 - 1995 жылдары - №16 орта мектебінде, №36 бастауыш орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып;
- 1997 - 1998 жылдары "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМКҚ Ақмола қалалық бөлімшесі операциялық есеп жүргізу бөлімінің аға маманы, бас маманы;
- 1998 - 2001 жылдары "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМКҚ Ақмола (Астана) қалалық филиалының экономикалық талдау бөлімінің бас маманы, бастығы, филиал директорының орынбасары;
- 2001 - 2008 жылдары "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМКҚ Ақмола облыстық филиалының директоры;
- 2008 - 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры;
- 2011 - 2013 жылдары - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Жобалау офисі бағдарламалар басшысы болып қызмет атқарды.
- 2013 жылғы 19 тамыздан бастап 2014 жылғы тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
- 2014 жылғы тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды.
- 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина