- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сүйісуіне рұқсат". Шерхан...
"Сүйісуіне рұқсат". Шерхан Пірназардың жұбайы актердің ашық сахнаға түсуіне көзқарасын айтты
Танымал актер Шерхан Пірназардың әйелі Айжан Жұмабек "Revue news-қа" берген сұхбатында жолдасының ашық сахнаға түсуіне көзқарасы қандай екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің жары күйеуінің сахнада сүйісуіне рұқсатын берген.
"Шерханға сахнада сүйісуге рұқсат бергенім рас. Ол жұмыс қой, бірақ қазір кішкене қарсымын. Оған қоса, қызы туғаннан кейін өзі де қарсы. Менен емес, қызынан ұялып жүр.
Рұқсатты басында бердім. Үйленгеннен кейін екі жоба сүйісті, бірақ мен оларды көрмеуге тырысамын. Егер ол біздің жоба болса, түсірілім алаңына бармаймын", - деді актердің әйелі.
Айта кетейік, бұған дейін "Әжем мен үшін туған баласына теріс бата берген". Актер Шерхан Пірназар балалық шағын еске алып, жан сырын ақтарғаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ақпан айында туған адамдар қандай болады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә