- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сүйіп, интим жерлерін...
Сүйіп, интим жерлерін ұстаған: 55 жастағы ер адам жеті жасар қызды зорламақ болған
Ташкенттегі Мирзо-Ұлықбек ауданында жеті жасар қызға жасалған шабуыл бойынша тергеу аяқталды. Айыпталушы Кибрай ауданында тұратын 55 жастағы тұрғыны болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқиға 7 маусымда сағат 17:00 шамасында болған. Орта жастағы ер адам жеті жасар қыздың артынан кіреберіске еріп кірген. Қыз бірінші қабатта тұратын досына қонаққа келген. Ер адам жұдырығымен қорқытып, көшеге көрінбеу үшін қызды қарама-қарсы есікке апарып, сүйе бастаған, кейін интим жерлерін ұстап, басқа да азғындық әрекеттер жасаған. Осы әрекеттер барысында ол ләззат алған. Ер адам есік ашылғанынан қорқып кеткен, қыздың досы оны күтпей сыртқа іздеп шыққан.
Ер адамға осы қылмысы үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Тергеу барысында оның кәмелетке толмағандарға азғындық жасағаны үшін бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталған. Ол кезде оған тек бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова