- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Сүйінші!“. Мейрамбек Беспаевтың...
“Сүйінші!“. Мейрамбек Беспаевтың жұбайы қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото:
instagram.com/marhabat.besbaeva?
Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың жұбайы Мархабат Беспаева әлеуметтік желідегі парақшасында халықтан сүйінші сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің әйелі ана атанды.
"Ал сүйінші менің құрметті оқырмандарым!
Мен аман-есен босандым. Аллаға шүкір.
Кім босанды деп ойлайсыздар?" - деп жазған ол.
Еске салайық, бұған дейін танымал әнші Мейрамбек Беспаев жақында тағы бір мәрте әке атанатыны туралы хабарлаған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә