• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

Сүйінші! Қазақстандық пойыздарда спутниктік интернет іске қосылды

Сүйінші! Қазақстандық пойыздарда спутниктік интернет іске қосылды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстан пойыздарында интернет жүйесі іске қосылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министр Facebook-парақшасында жариялаған жазбасында интернет жылдамдығы жаңа технология бойынша орташа есеппен 50-ден 100 Мб/с-қа дейін екенін жазған.

"Пойыздарда спутниктік интернет іске қосылды
Естеріңізде болса, былтыр Eutelsat-OneWeb-пен техникалық іске қосу жүргізілді. Осы ынтымақтастықтың арқасында бүгін "Астана-Алматы" бағыты бойынша №3/4 пойыздарда спутниктік интернетті қостық.
Интернет жылдамдығы жаңа технология бойынша орташа есеппен 50-ден 100 Мб/с-қа дейін. Жол бойы туысқандарға WhatsApp, Telegram арқылы қоңырау шалу, мессенджер арқылы хабарламалар жазу және басқа онлайн платформаларды пайдалану үшін жеткілікті.
Енді пойыздарда интернет арқылы вагон-мейрамханаларда тапсырыстарды POS-терминал арқылы төлеуге болады.
Бұл жоба жаңа технологиялардың көмегімен күрделі жұмыс жағдайында да жоғары жылдамдықты және сенімді интернетті қамтамасыз ету мүмкіндігі бар екенін айқын көрсетеді.
Біз Қазақстанның өңірлерін байланыстыру және азаматтарымыз үшін сапалы байланысты қамтамасыз ету үшін осы тәжірибені кеңейтуді жалғастырамыз.
ҚТЖ АҚ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ мен қазақстандағы Eutelsat-OneWeb ресми дистрибьюторы Jusan Mobile жолаушыларға ашқан мүмкіндіктер үшін, атқарылған жұмыстары мен ұсыныстары үшін алғыс айтамыз", - деп жазды министр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан пойыздарында спутниктік интернет пилоттық жобасы басталатыны хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә