Танымал журналист, тележүргізуші Динара Сәтжанның ұлы Отан алдындағы борышын өтеп, әскерден оралды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Баласының үйге оралған сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған ол ұлының тосынсый жасағаны туралы айтты.
"Біз бүгін түстен кейін Даниалды алып кету үшін әскери бөлімге барамыз деп отыр едік. Сөйтсек, ол таңертең тосынсый жасап, үйге өзі келіп тұр", – деп жазды Динара Сәтжан.
Оның айтуынша, ұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімінде борышын өтеген.
Еске салайық, биыл күзде әскер қатарына шақырылған 20 мыңнан астам азамат міндетін өтемесе, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын хабарлаған болатынбыз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!