“Сүйінші!“ Бас педагог ұстаздарға жақсы жаңалықты жеткізді

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарға жақсы жаңалықты жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанда мұғалімдерді аттестациялау жүйесіне маңызды өзгеріс енгізілді.

"Құрметті ұстаздар! Сіздерге арналған сүйінші жаңалықты бөлісейін. Мемлекет басшысының тапсырмасымен мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Менің ойымша, Мемлекет басшысы сіздерге зор сенім артып, үлкен жанашырлық танытып отыр. Сондықтан баршаңызды құттықтаймын. Хат Білім басқармаларына бүгін жолданды", - деді министр.

Еске салайық, бұған дейін Жұлдыз Сүлейменова жаңа оқу жылында аттестаттау ережесіне өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді. Осылайша ұстаздар авторлық бағдарлама жасамайтыны айтылды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!