Сүйінші! Анастасия Городко Универсиадада екінші рет жеңіске жетті

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Городко Туринде (Италия) өтіп жатқан Универсиадада екінші рет жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Параллель могул жарысында қазақстандық Анастасия Городко мен Аяулым Әміренова финалға шықты. Бір күн бұрын могул жарысында жеңіске жеткен Городко шешуші бәсекеде басымырақ түсті.

Айта кетейік, ерлер арасындағы параллельдік могулдан Антон Бондарев финалда жапониялық Шима Кавокеден ұтылып, күміс жүлдегер атанды.

Еске салайық, кеше, 14 қаңтарда Қазақстан қоржынына Универсиаданың алғашқы алтыны түскен еді. Қазақстандық могулшы Анастасия Городко Туринде басталған қысқы Универсиада ойындарында топ жарды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!