Заңгер Қайырхан Балғабеков қыздарға сүйіктісінен ақшалай сыйлық алмауға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңгердің сөзінше, қазіргі таңда Түркістан облысында іс қаралып жатыр.
"Ол іс бойынша жігіт өз сүйіктісіне 10, 15, 20 мың теңге ақша аударып жүрген. Екі жылдың ішінде аударымдар сомасы 1,4 миллион теңгеге жуықтап қалған. Кейіннен ол қыз ол жігітпен жүргісі келмей, екеуі екіге кетеді. Бірақ уақыт өте келе жігіт қалай кек алсам екен деп ойлайды. Осылайша ол қызды сотқа берген. Қазір іс бойынша қиындықтар туындап жатыр.
Себебі аударымдар жасалған, ақша түсіп отырған. Енді судья ол сыйлық ретінде берілгенін дәлелдеуімізді сұрайды. Ал олар қарым-қатынаста болған кезде жазған хаттардың бәрі өшіп кеткен", - дейді заңгер.
@qazaq.zanger 953-бап. Негiзсiз байлықты қайтару мiндетi 1. Заңдармен немесе мәмiлемен белгiленген негiздерсiз мүлiктi басқа тұлғаның (жәбiрленушiнiң) есебiнен иеленiп алған немесе жинаған тұлға (сатып алушы), осы Кодекстің 960-бабында көзделген жағдайлардан басқа ретте, негiзсiз иеленiп алынған немесе жинақталған мүлiктi (негiзсiз баю) алдыңғысына қайтаруға мiндеттi. #юрист #шымкент #туркестан ♬ оригинальный звук - qazaq.zanger
Заңгер егер ақша аударымдары сыйлық ретінде беріліп отырғанына дәлелдер болмаса бұл негізсіз байлық деп танылуы мүмкін екен.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!