Бір күні қарым-қатынас үзілуі мүмкін екенін ойлау сүйіктіңе жақсы болып көрінуді тоқтатуға көмектеседі. Бұл туралы қарым-қатынас саласындағы сарапшы, жаттықтырушы Трейси Секомб айтты. Ол Metro басылымына берген сұхбатында әрқашан ыңғайлы адам болуға тырысуды тоқтатудың жолын атады, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Айналасына тым жақсы болып көрінетіндердің проблемасы туралы кітап жазған Секомбтің пікірінше, мұндай мінез-құлық өзіне деген сенімсіздік, жалғыз әрі тастанды болып қалудан қорқу, қызғаныш және екінші жартысының іс-әрекеттерінен айтқысы келгенін ұғынуға бейімділіктен туындайды.
Ол мұндай мінез-құлық жаңа қарым-қатынас үшін қалыпты екенін айтты.
"Босаңсымасаңыз, өзіңізді қалай бар солай көрсетпесеңіз, қарым-қатынаста өзіңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін", - деп ескертті жаттықтырушы.
Секомб бұл жағдайды жеңу үшін қарым-қатынас бір күні тоқтауы мүмкін екенін іштей қабылдауға кеңес берді.
"Жалғыз әрі тастанды болып қалу туралы ойларды қауіпсіз боламын деген ойлармен алмастыруға тырысу керек, кез келген жағдайда бұл адаммен немесе онсыз да жақсы болатынына сенімді болу қажет", - деді ол.
Оның айтуынша, бәріне ыңғайлы, жайлы болуға тырысатын адамға мінезінде нені түзету керегі туралы ойлауды тоқтатуы, өз қасиеттеріне көңіл бөлуі өте маңызды. Сондай-ақ, ол сүйіктісіне проблемасын айтып, онымен жұмысы істеуі керек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!