- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сүйіктіммен ауылда да...
"Сүйіктіммен ауылда да тамаша". Ақтаулық келіннің хикаясы Қазнетті тәнті етті
TikTok-та "күткенің-ақиқат" форматындағы жас жұбайдың көңілді видеосы танымал бола бастады, - деп хабарлайды TengriMIX.
Алдымен кадрда жас жұбайдың Бәйтерек монументі алдында тұрғаны, кейін жігіттің ауылда үй шаруасын істеп жатқанын көруге болады. Ал орамал тағып, көйлек киген қыз камераға қарап күледі.
"Астаналыққа тұрмысқа шығып, Нұр-Сұлтанда тұрамыз деп ойладым. Күткенің-ақиқат", - делінген видео жазбасында.
@dumdeedum6 #рекомендации ♬ original sound - Lauren McKay
"Бақытты болыңдар", "Күшті ғой, сүйіктіңмен күрке де жұмақ сияқты", "Есесіне, ауылда күшті", "Джони ханзада ауылдағы Жәнібек болып шықты", - деп жазып жатыр Желі қолданушылары.
Видеодағы жас жұбай - Арайлым Жетібай мен Темірлан Мұханбетжан.
"Мен Ақтауданмын, ал күйеуім Нұр-Сұлтаннан. Біз Қытайдың Ухань қаласында студент кезімізде таныстық. Пандемия басталғанда Қазақстанға оралдық. Бес жылдан кейін ол маған ұсыныс жасады, кейін үйлендік", - дейді ол.
Арайлымның айтуынша, күйеуінің отбасы Нұр-Сұлтанда тұрса да, Ералиев ауылында (Ұлытау ауданы) шаруашылықпен айналысады.
"Күйеуім - үйдің үлкені, үй шаруашылығымен өзі айналысады", - деді ол.
Темірлан шаруашылықта жұмыс істейді, сондықтан жастар әлі күнге дейін ауылда тұрады. Арайлым ауылда өзін жайлы сезінетінін, "бастысы сүйіктісі қасында екенін" айтады.
"Біз бір-бірімізді жақсы көреміз, сондықтан қай жерде тұрып, немен айналысатынымыз маңызды емес, бастысы - біргеміз. Сүйіктіммен ауылда да тамаша", - дейді Арайлым.
Ол видео танымал болады деп күтпегенін айтты.
"Достарым түрлі топтардан, Instagram-нан да видеоны жібереді", - дейді ол.
Арайлым Жетібай мен Темірлан Мұханбетжан саяхаттауды ұнатады және болашақта бірнеше елге бірге саяхаттауды жоспарлап отыр.
С. Бөлек"Қарым-қатынасымыздың жартысы қашықта болды, енді бір-бірімізден ажырамауға уәде бердік. Сапарда жүргенде шаруашылыққа күйеуімнің ағалары бас-көз болады", - деді Арайлым Жетібай.