- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сүйіктім бұған қарсы...
"Сүйіктім бұған қарсы болды". Меруерт Түсіпбаева пластикалық ота жасататынын айтты
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева пластикалық ота жасататынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, бұл қадамына тіпті сүйіктісі де қарсы болған.
"Достар, қалайсыздар! Пластикалық ота жасатуға келдім. Қазір мені қабылдайды. Ұзақ уақыт бойы мен бұл отаны жасатуға шешім қабылдай алмап едім, бірақ қазір дайынмын. Енді барлығы жеңіл болсын деп Алладан тілеймін. Менің барлық туысым, тіпті сүйіктім де бұл отаға қарсы болды. Тыңдармандарым да сол белгіден танитын еді. Бірақ, өкінішке қарай, шешім қабылдадым", - дейді ол видеода.
Айта кетейік, Меруерт Түсіпбаева - эстрада әншісі, актриса, тележүргізуші. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы болды. 1996 жылдан бастап жеке шығармашылығымен айналысып келеді. "Қимай сені барамын", "Сен және мен", "Ақжауын" әндері бар. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек