- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сүйкімдісін-ай". Желіде Әлішер...
"Сүйкімдісін-ай". Желіде Әлішер Кәрімовтің бала кездегі видеосы тарады
Желіде Әлішер Кәрімовтің бала кездегі видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео TikTok-тағы парақшалардың бірінде пайда болды. Онда 5 жасар Әлішер Кәрімовтің сахнада "Ялла" тобының "Чайхана" әнін айтып, билеп жатқаны көрінеді. Бұл видео TikTok-та мың қаралым, жеті мыңнан аса лайк жинаған.
@qazaqstan.tv_ @alisher_karimov 5 жаста - Музыкальная чайхана әнімен #алишеркаримов #qazaqstan ♬ оригинальный звук - "Qazaqstan" телеарнасы
Желі қолданушылар өнер иесінің бала кездегі видеосына тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.
"Сүйкімді болған екен ғой", "Сол кезден-ақ иығын жұлқыған екен ғой", "Тәтті өзі, өзгермеген, тіпті қозғалысы да сол қалпы", "Сүйкімдісін-ай", "Болар бала боғынан" деуші еді", - деп жазған олар
Айта кетейік, Әлішер Кәрімов - 1985 жылы 28 қазанда Жамбылда дүниеге келген. Ол - қазақстандық эстрада әншісі, музыкант. Қазақстанды "Славян базар", "Новая волна", "Ереван шақырады" сияқты халықаралық вокалдық конкурстарда танытты. SuperStar KZ жобасының екінші бөлімдік бағдарламасының финалисі.Оның "Келемін саған", "Шүкір", "Тағы да" әндері бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек