Суықта тасжолда қалған Түркия азаматы құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Бүгін 112 нөміріне Алматы-Екатеринбург автожолының 628-шақырымында, Балқаш қаласының маңында жүк көлігі бұзылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
ТЖМ қызметкерлері 1993 жылы туған жүргізушіні жақын маңдағы кафеге эвакуациялады. Ол Түркия азаматы болып шықты.
Жүргізуші құтқарушыларға алғысын білдірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!