Күзде және қыста тәбет ашылып, физикалық белсенділік деңгейі төмендейді, сондықтан көптеген адам артық салмақ қосады. Дәрігер Анастасия Жданова "Известия" басылымына артық салмақ жинамау үшін зат алмасуды тездетіп, жарықтың жетіспеушілігін өтеу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның сөзінше, күз бен қыста адамның салмағы 5 пайызға артады.
"Бұл май тінінің жиналуымен байланысты физиологиялық процесс, ол эволюциялық жолмен дамыған және генетикалық деңгейде бекітілген механизмге негізделген. Қыста ауа райы суық болғандықтан, тамақтану режимі өзгереді, жарық пен күн аз болады. Сондықтан адам ағзасы салмақ қосуға ықпал ететін физиологиялық процестерді қоздыратын стресті бастан кешіреді", - дейді дәрігер.
Дәрігер суық мезгілде ауа температурасының төмендеуіне байланысты зат алмасу баяулайтынын түсіндірді. Метаболизмнің жұмысын қиындатпау үшін маусымға сәйкес киіну керек.
"Қыста таза ауада, жарықта көп серуендеп, физикалық белсенділіктің қысқы түрлерін өтеу керек. Жаттығуды контрасты душпен немесе массажбен толықтыруға болады", - дейді дәрігер.
Сонымен қатар, маман рационға ақуызды көбірек қосу керек екенін айтады. Мысалы, жас малдың майсыз еті, балық, майы аз сүт өнімдері. Ол тәбетті азайту үшін протеиндік коктейль ішуге шақырады. Коктейль белоктың қосымша көзі екенін, оны ішкеннен кейін келесі тағамның калориясы шамамен 30 пайызға төмендейтінін ескертеді. Суық мезгілдегі дұрыс диета, күніне 4-6 рет тамақтану.
Дәрігер метаболизмнің қалыпты жұмыс істеуі үшін тағы бір маңызды сәт, күніне 7-8 сағат ұйықтау екенін ескертті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!