- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Суық күнде тоңдырмайтын...
Суық күнде тоңдырмайтын қазақ халқының ұлттық асы белгілі болды
Қазақ халқының суық күнде тоңдырмайтын ұлттық асы шыртылдақтың қалай жасалатыны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Baribar.kz сайты шыртылдақтың жасалу жолы туралы жазды.
Қазақ халқы суық күнде шыртылдаққа нан батырып жеп, шай ішкен. Оны қара шайға салып ішуге де болады. Шыртылдақ адамды тоңдырмайды әрі қарын аштырмайды.
Тағамның үш түрлі жасалу жолы бар.
Біріншісі: жылқы майын ірілеп турап, қазанда қайнатады. Май шыжыған кезде үстіне еріген сарымай құяды. Қоспаның бетіне қатқан кілегейді қалқып алады.
Екіншісі: жылқы майын қайнатып, үстіне қант қосады. Май қоюланған кезде қазанды оттан алады.
Үшіншісі: жылқы майы мен сарымайды бірге қайнатып, үстіне тары немесе бидай жармасын қосады. Май біркелкі қоспаға айналғанша қайната береді. Шыртылдақтың мұндай түрі жентке ұқсап шығады.
Майдың шыжған кездегі дыбысына қарай тағамның аты "шыртылдақ" деп аталса керек. Шыртылдақ адамның тәбетін ашады, әрі ішке жел қарысқанда пайдалы. Дегенмен оны шамадан тыс жеуге де болмайды, ішті айдауы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева