ҰҚК Шекара қызметінің жұмысына есеп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шекара қызметі ҚР заңнамаларын бұзған 3 368 адамды ұстаған. Соның ішінде 50 шетелдік шекараны бұзғаны үшін ұсталды. Шекараны бұзбақ болған 59 шетелдіктің жолы кесілген.
Мемлекеттік шекарадан заңсыз зат алып өтуге қатысты 1 739 деректің алды алынған, соның ішінде:
"Каспий акваториясында 21 браконьерлік дерегінің алды алынды, сондай-ақ, 8 жүзу құралы, жалпы ұзындығы 36,7 шақырым тор болатын браконьерлік аулау құралдары, 75 (703 келі) бекіре тұқымдас балық, 3 487 (5 605 келі) таза тұқымдас балық тәркіленген. Залал сомасы 279 миллион теңге болады. Бұл деректер бойынша материалдар заңбұзушыларды жауапқа тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді", - деп жазылған хабарламада.
ҰҚК мәліметінше, мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілмеген, өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!