“Суық жауап берді“. Танымал битмейкерді “менсінбеген“ қазақстандық әртістер кімдер?

“Суық жауап берді“. Танымал битмейкерді “менсінбеген“ қазақстандық әртістер кімдер?

Әлемге әйгілі Дуа Липа, Ники Минаж, Розалия, Lisa, Jah Khalib сияқты әртістермен бірге жұмыс істеген саунд-продюсер Ерқанат Садуханов қазақстандық әншілердің арасында кімдердің онымен жұмыс істегісі келмегенін ашып айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы Jibek joly телеарнасына берген сұхбатында ағынан жарылды.

"(...) Шетелде атым шыққан соң кейіннен өздері жазатын болды. Үлкен-үлкен жұлдыздар да бар. Менің таңғалатыным - бізде Қазақстанда орташа деңгейдегі әртістер "Сенімен жұмыс істеуге дайынмын" деп жазады. Тәсілінің өзі біртүрлі. Қызық та... Кейінгі рет Садраддин деген әншіге, бұрын менеджеріне жазған болатынмын. Суық жауап берген болатын", - деді Ерқанат. 

Еске салайық, бұған дейін Ерқанат Садуханов табысы туралы сұраққа жауап берген еді.

Айта кетейік, Ерқанат Садуханов - Абай облысы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында биология пәнінің мұғалімі. Ол музыка әлемінде @eraholic лақап атымен танымал. Жас мұғалім өз парақшасында Ники Минаждың "Pink Friday 2" делюкс-альбомына саунд-продюсер болатынын ресми түрде жариялады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!