Әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева "1001 түн" бағдарламасында жеке өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бақытты әйел, бақытты әнші екенін айтты.
"Иә, шүкір, жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Ғашықпын, сүйіктімін. Мен сүйетін дүниеде адам бар, мені де сүйеді деп сенемін. Кейбір танымал адамдар сияқты жеке өмірін жарнамалаудың қажеті жоқ", - деді ол.
Қазіргі таңда әншінің Нұрғиса Варшава қаласында оқып жатыр.
"Баламды анам тәрбиеледі. Кейін қазақ-түрік лицейінде оқыды. Баламды кесарь тілігі арқылы дүниеге әкелдім. 7 күннен кейін сахнаға шықтым. Оған қатты көңіл бөлдім деп айта алмаймын. Лицей ұстаздарына және анама, бауырларыма көп рахмет айтамын. Балама көңіл бөле алмағаныма өкінемін. Екі балам болса, бақытты болатын едім. Осыған да шүкір деймін", - дейді ол.
Өнер иесінің Нұрғиса төрт тілді меңгерген. Ол бірнеше жылдан соң елге оралатынын айтты.
"Қазір проект-менеджерде оқып жатырмын. Ректордың стипендиясын ұтып алдым. Оқуды аяқтаған соң бірнеше уақыт осында жұмыс істеуім мүмкін. Тәжірибе жинаған соң елге қайтамын. Қазір үйлену жоспарымда жоқ. Бұйырса уақыты келгенде болады. Сүйіктім жоқ. Анам өте жұмсақ, мейірімді. Көбінесе мен үшін көп алаңдайды. "Ақшам бар" десем де жіберіп тұрады. Кішкентай кезімнен 3 жасымнан бастап анаммен жиі саяхаттаймыз. Көп жерлерді араладық. Анамның қасында жақсы адам болғанын қалаймын", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!