- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сүйектерімді орнына қойып...
"Сүйектерімді орнына қойып берді". Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі жағдайы туралы айтты
Жақында екінші сәбиін дүниеге әкелген әнші Ерке Есмахан қырық күндік шілде терін қалай шығарғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл 7-8 сағатқа созылғаны туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Бүгін менде көптен күткен "шілде тер" шығару церемониясы болды. Қазіргі заманда оны өз ісінің шеберіне тапсырған дұрыс екен. Алдымен остеопат маманы аяғым ауыр кезеңдегі салмақ түскен жерлерімді тексеріп, сүйектерімді орнына қойып берді. Содан соң терлеуге арналған, арнайы шөптерден дайындаған шай берді. Үш кесе шайды ішіп алып, ыстық су, шөптерден және раушан гүлінің жапырақтары салынып, дайындалған ванна қабылдадым. Манағы жіпсіп, терлеуге дайын отырған едім, ваннаға жатқан бойда денем босап, рахат күй кештім. Барлығына толық 7-8 сағат уақыт кетті", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы