"Сүйек сорпасы, жаңғақтар". Коллагенге бай 7 өнім

Қартаюды тоқтату мүмкін емес, алайда оны баяулатуға болады. Тері жастығы үшін тек күтім құралдары емес, сондай-ақ ағзадағы маңызды ақуыздардың бірі - коллаген керек. Ол терінің иілгіштігін және құрылымын сақтап тұрады. Коллагеннің жетіспеуі физикалық өзгерістерге, әжімге, терінің салбырауына әкеледі және буындар мен сіңірлерді бұза бастайды. Ағзада коллагеннің түзілуі 20 жастан кейін баяулай түседі. Сондықтан рационға коллагенге бай өнімдерді қосқан жөн.

Сүйек сорпасы

Сүйек сорпасы коллагенге бай. Оны дайындау ұзақ уақытты алады, бірақ ол ағзаға өте пайдалы. Оны мол етіп дайындап қойып, мұздатқышқа қатырып қоюға болады.

Нутрициолог пайдалы сорпаны қалай дайындау керегін айтты. 

Желатин

Желатин - коллагеннің тағы бір маңызды көзі. Ол ұнтақ күйінде сатылады және одан желе дайындауға болады.

Жұмыртқа

Жұмыртқа - қолжетімді өнім. Әсіресе, жұмыртқаның ағында коллаген түзілуін ынталандыратын глицин мен пролин бар. Сондай-ақ жұмыртқа сүйектер мен бұлшықеттер құрылысына көмектесетін D дәруменіне және пайдалы майларға бай. Сондықтан таңғы асқа суға піскен жұмыртқа жеу пайдалы.

Цитрусты жемістер

Цитрусты жемістер коллаген түзілуіне қажетті С дәруменінің деңгейін толықтыруға көмектеседі.

Брокколи

Брокколи де С дәруменіне бай.

Жаңғақтар

Коллаген өндірісін ынталандырудың тағы бір әдісі - мырышқа бай өнімдер жеу. Бұл элементті жаңғақтардан ала аласыз.

Саңырауқұлақ

Құрамында мырышы бар тағы бір өнім - саңырауқұлақ. Сонымен қатар, олардың құрамында коллаген синтезіне және ыдырауына жол бермейтін микроэлементтер бар.

Ағзаға С дәрумені жетіспейтінін қалай білуге болады?