Қазір өмір салтына аса ден қойып, денсаулығына алаңдайтын адамның саны көбейген. Сондықтан олар спортпен айналысады. Дегенмен травматолог-ортопед Анвар Гиниятов мәліметінше, спорттың барлық түрі бірдей пайда әкелмейді, тіпті кейбір спорт түрінен ауыр жарақат алуыңыз мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Футбол
Бұл топтық ойын басқа адамдармен қарым-қатынас жасап, ұжымда жұмыс істеуге үйрететіндіктен, психология тұрғысынан пайдалы. Бірақ,
"Бұл спорт түрі жарақат алуға ең қолайлы әрі жақын болып саналады. Ең жиі кездесетін жарақаттар: төменгі аяқты бекітуге жауап беретін тізенің алдыңғы крест тәрізді байламының жыртылуы және тізе буынындағы менискус - шеміршек қабатының жыртылуы. Өкінішке қарай, мениск сыртқы әсерге өте осал. Кейде оның жарақаты үшін өткір бұрылыс немесе жеңіл соққы жеткілікті", - дейді маман.
Ауыр атлетика
Ауыр атлетиканың басты артықшылығы - бұлшықетті күшейтеді. Бірақ,
"Ауыр салмақты үнемі көтеру омыртқааралық дискілердің мерзімінен бұрын бұзылуына, қысылған жүйке ұштарына және сүйек жарығына(грыжа) әкеледі. Жарақат алуға бейім аймақ қатарында спортшылардың тізе, иық пен шынтақтары да бар, себебі олар негізгі жүктемені алады. Мұндағы ең көп тараған салдар - сіңірлердің созылуы мен жыртылуы, тізе жарақаттары, эпикондилит - шынтақ аймағындағы жұмсақ тіндердің қабынуы", - деп түсіндірді ортопед.
Шаңғы
Шаңғы тебудің кемшіліктеріне жарақат алу ықтималдылығының жоғары деңгейі жатады.
"Шаңғымен сырғанау көбінесе тобық пен тізе буынының зақымдалуына әкеледі, ал тау шаңғысы жағдайында жарақат алу қаупі бірнеше есе артады. Жерге сәтсіз қону мен құлау тізедегі менискус пен алдыңғы крест тәрізді байламдардың жыртылуына, сондай-ақ иық буындарының зақымдалуына, яғни айналмалы манжеттің дислокациясы мен сіңірлерінің жыртылуына әкеледі", - деді дәрігер.
Жүзу
Өкінішке қарай, жүзушілердің де бірқатар ауруы бар.
"Хлормен және суды тазартатын басқа заттармен үнемі байланыста болғандықтан, кәсіби жүзушілер тыныс алу жолдарының ауруларымен жиі ауырады. Су спортшылардың көру қабілеті де нашар. Жүзушілерге тән мәселенің бірі, көздің шырышты қабығының қабынуы - конъюнктивит", - дейді Анвар Гиниятов.
Бассейнде буындар да зардап шегеді. Маманның сөзінше, спорт медицинасында "жүзушінің тізесі" деген термин бар. Бұл патологиямен көбінесе тізелерін үнемі бүгуге және созуға мәжбүр брасс жүзушілері жиі кездеседі екен.
Сонымен қатар, жүзу кезінде ең үлкен жүктеме иыққа түседі. Мұнда дәрігерлер тағы бір "жүзушінің иығы" терминін қолданады. Бұл іс жүзінде жеке ауру емес, буындағы, бұлшықеттегі және иық сіңіріндегі барлық жарақат пен қабыну процесінің жиынтығы.
Жүгіру
Кез келген кардио жаттығулары сияқты, ол жүрек бұлшықетін күшейтіп, тамырлардың ішкі қабырғаларын нығайтады. Тұрақты жүгіру жаттығулары жүрек-қан тамырлары ауруларының даму мүмкіндігін азайтады.
"Жүгірушілердің "әлсіз буыны" - аяқтың жиі кездесетін мәселесі. Олардың ішінде тізедегі шеміршек тінінің және периосте қабынуы бар. Жүгіру кезінде шамадан тыс жүктемені аяқтар да сезінеді, бұл ахиллес сіңірінің қабынуына және плантарлы фасциитке әкеледі", - деді дәрігер.
Баскетбол, волейбол, гандбол және теннис
Осы спорт түрінің барлығы бұлшықетті күшейтеді, өкпенің жағдайын жақсартады, қан айналымын және жүрек бұлшықетінің жұмысын ынталандырады. Дегенмен олардың да тигізетін зияны бар.
"Бұл спортшылар қолын үнемі жоғары көтеруін қажет ететін overhead деп аталатын спорт түрі. Бұл спорт түрлерінде спортшылар арасында иық буындарының байламдары мен сіңірлерінің зақымдануы өте жиі кездесед. Оған қоса жүктеменің салдары 40-45 жасқа жеткенде ғана байқалады", - деді сарапшы.
Велосипед айдау
Велосипед айдайтын адамдардың буыны оларға рахмет айтпайды.
"Аяқтың үнемі бүгілуі тізе артрозының қаупін арттырады. Сондай-ақ кәсіби велошабандоздар көбінесе аяқтағы тамырлардың кеңеюінен, жамбастағы қанның тоқырауынан және сиатикалық нервтің қысылуынан зардап шегеді", - деді ол.
Шахмат
Шахмат, ең алдымен, денеге емес, ақыл-ойды жаттықтыруға оң әсер береді. Алайда шахматтың мүлдем зияны жоқ деп айту қиын.
"Ұзақ уақыт бойы отыру және отырықшы болу физикалық белсенділіктің жетіспеушілігі гиподинамияға, сондай-ақ аяқ пен жамбастағы қанның тоқырауына әкелуі мүмкін. Бұл жағдай геморрой және варикозды тамырлар сияқты аурулардың дамуына әкеледі", - дейді травматолог.
Айта кетейік, бұған дейін ең қауіпсіз спорт түрлерінің тізімі хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Баланың тұсауын неге ала жіппен кеседі?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз