- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сүйегі кепкен ата-бабаңды...
"Сүйегі кепкен ата-бабаңды түртуге қарсымын". Танымал блогер ешқашан психологтарды жарнамаламайтынын айтты
Әзіл-сықақ видеоларымен танымал блогер Мөлдір Анарбаева "Әсем бике" бағдарламасында не үшін психологтарды жарнамаламайтынын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер көпшілік психолог және коучтан қарсылық әрекеттер байқағанын айтты.
"Мен психологтарды, коучтерді жарнамаламаймын. Біреуді бір жаққа сүйрелеуге ешкімнің ешқандай құқығы жоқ деп есептеймін. Жерде жатқан, сүйегі кепкен ата-бабаңды түртуге қарсымын. Оған өкпе-зарыңды айту, анаңа деген өкпеңді шығару, бір нәрселердің бәрін түртпектеуге қарсымын. Біреулер дұрыс санаса, санай берсін. Жөндеп аламыз деп бүлдіріп алып жатырғандар да бар. "Мен енді бұлай істей аламын, ұнамаса істеме" дегендерге де қарсымын. Психолог, коучтардың тарапынан сондай қарсылық әрекеттерді байқадым. Маған ұнамайтыны сол. Сондықтан оларды жарнамаламаймын деп шештім", - дейді блогер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова