Әлеуметтік желілерде дүкенде сатылатын пастерленген сүтке бор, әк, гипс және бор қышқылы қосылатыны туралы ақпарат тарады. Бұл - баспасөз хабарламасын дұрыс түсіндірмеуден пайда болған ескі фейк, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2016 жылы көп ресейлік БАҚ дабыл қақты: олар Россельхознадзор зерттеу жүргізіп, дүкенде сатылатын сүттен гипс, әк, бор қышқылы және бірқатар зиян қоспалар анықтаған деп жазды.
Ал Россельхознадзордың өкілдері бұл ақпаратты теріске шығарды. Олар мұндай зерттеулер мүлдем жүргізілмегені және бұл заттардың ешқайсысы сүттен анықталмағаны жазылған хабарлама шығарды. Ал сайтта жарияланған және бұқаралық ақпарат құралдарында сенсациялық ақпараттардың таралуына себеп болған материал сүтті қолдан жасаудың теориялық ықтимал әдістеріне арналған қолжетімді әдебиеттердегі сілтемелер негізінде әзірленген.
Технолог Сергей Белков Metro тілшісімен сұхбатында сүтке әк, гипс, бор қышқылы және баспасөзде айтылған басқа заттарды қосу мағынасыз екенін айтты. Аз мөлшерде олар сүттің қасиетіне әсер етпейді, ал көп мөлшерде бірден байқалады. Бор қышқылынан сүт іріп кетеді, ал гипс пен әк тұнбаға айналады, өнімнің дәмін бұзып, тіс сықырлайды.
Демек, таралған ақпарат - ескі фейк.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!