- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сүт сасыған апамның...
"Сүт сасыған апамның иісін сағынып, жылап алдым". Танымал ақын марқұм әжесін еске алды
Танымал әнші, ақын Құрманай Бақтиярқызы әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм әжесіне әсерлі жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, ол - Фатима әжесінің тұңғыш немересі.
"Әжем тірі болғанда 100-ге толатын еді. Дариға сіңлім, Раушан, Ерулан, Қанат пен Ләззат - әкемнің інілерінің бала-шағасы. Дариға ғана туған сіңлім. Мынау суретпен балалығыма бір барып келдім. Сүт сасыған апамның иісін сағынып, жылап алдым. Жаным апам мені ешкінің сүтімен өсірген. Сиыр жалайтын көк тұзға шомылдырған. Соның пайдасы, 30 келі салмақ тастасам да терім созылған да, жоқ салбырағанда жоқ. Енең немесе анаң өсірген ұрпақ ауырмайды. Ауырса да тез жазылады", - деп жазған ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек