Сусыз екі күн: Алматы бойынша кесте жарияланды

Сусыз екі күн: Алматы бойынша кесте жарияланды
Фото: depositphotos.com

Алматының кей аудандарында су құбыры желілерінде жоспарлы жұмыстарға байланысты тағы да суық су өшіріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

27 тамыз: қайда су болмайды?

Сәрсенбі, 27 тамызда сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Бостандық ауданының төмендегі көшелер шеңберінде орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарда суық су болмайды: Тимирязев көшесі – Сәтпаев көшесі – Әуезов көшесі – Абай даңғылы, "Атакент" аумағы.

Сонымен қатар Әуезов көшесі бойындағы үйлерде су қысымы төмендеуі мүмкін.

28 тамыз: ықшамаудандар тізімі

Бейсенбі, 28 тамызда сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жаңа сүзгі станциясын салу жұмыстарына байланысты суық су өшіріледі.

Су беру тоқтатылады:

  • Ақжар ( "Ақсай" сүзгі станциясының ықпал ету аймағында);
  • Тастыбұлақ;
  • Таужолы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан
Logotype Massaget