Сусабынға дейін ұрлаған: БҚО-да зейнеткерді тонаған адам ұсталды

Сусабынға дейін ұрлаған: БҚО-да зейнеткерді тонаған адам ұсталды
Фото: polisia.kz

БҚО-да зейнеткерді тонаған адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

10 қыркүйекке қараған түні Бәйтерек ауданына қарасты ауылдардың бірінде үй иесінің жоқтығын пайдаланып, белгісіз біреу үйге кіріп, сол жерден зейнеткерге тиесілі теледидарды, киім-кешек пен жеке гигиена заттарын ұрлап кеткен. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Приурал полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа түскен адамды анықтап, қолға түсірді.  

Ол зейнеткердің 30 жастағы ауылдасы болып шықты.  Ұрланған заттар иесіне қайтарылды.  Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина