Жақында оқырмандарымыздың бірі Интернет арқылы сауда жасағанын, алайда тауар бастапқы келіскен дизайнда жасалмағанын (Желідегі суретпен сәйкес келмейтіні), оның үстіне, сапасының нашар екенін айтып шағымданды. Тұтынушы сатушыға хабарласып, тауарды қайтарғысы келген. Бірақ сатушы оған келіспеген. Massaget.kz тілшісі мұндай жағдайда тұтынушы өз құқығын қалай қорғай алатыны туралы анықтады.
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның 15-бабына сәйкес, егер сатушы тауардың кемшіліктері жөнінде алдын ала айтпаса, онда тұтынушы:
Егер сатушы тауарды дайындаушы болмаса, онда сіз 2, 4 және 5-тармақтарда көрсетілген талаптармен сатушыға, сондай-ақ, тікелей дайындаушыға жүгіне аласыз.
Заңның 22-бабына сәйкес, тұтынушы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) құқығының бұзылуын және келтірілген зиянды өтеу туралы талап қоюға құқылы.
Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) күнтізбелік 10 күн ішінде талапқа жауап бермесе немесе келтірілген залалды өз еркімен өтеуден бас тартса, тұтынушы сотқа жүгінуге құқылы.
Осылайша, сапасыз өнімді сатып алған жағдайда, талап пен моральды залалды өтеумен сатушыға шағымдануға құқығыңыз бар.
Ол үшін өтінішіңізді e-tutynushy.kz сайтында қалдыра аласыз. Бұл - тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша өтініш қабылдайтын бірыңғай ақпараттық платформа.
⠀
Өтініш қалдыру үшін сайтта тіркелуіңіз керек. Тіркелу үшін:
⠀
✅ Аты-жөні;
✅ Телефон нөмірі;
✅ ЖСН;
✅ Email толтыруыңыз қажет.
⠀
Тіркелгеннен кейін сіз ТҚҚД бөліміне немесе атауын, БСН-ды немесе мекенжайын көрсетіп, ұйымға өтініш жібере аласыз. Сонымен қатар, сатып алу күні мен уақыты туралы мәліметтер және сатып алу дерегін растайтын құжатты жүктеуіңіз керек.
⠀
Өтініш қабылданғаннан кейін өңделеді де ұйымға жіберіледі, ал хабарлама мен өтінішіңіз бойынша шешім email-ыңызға келеді.
Былтыр Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов БАҚ өкілдерімен кездесу барысында интернет-сауда жасайтын тұтынушылар құқығы қалай қорғалатынын айтқан еді.
"Тауарды интернер арқылы сатып алу - қашықтан жасалатын сауда түрі. Қашықтан жасалатын сауда заңмен қадағаланады. Сонымен қатар, сауда министрлігінде ішкі сауда ережесі деген норматив акт бар. Онда электрон сауданы реттеуге қатысты барлық жайт анық жазылған. Енді сол норматив акт ережесін "Тұтынушылардың құқығын қорғау" туралы салалық заңға енгізуді жоспарлап отырмыз. Себебі сауда министрлігінде интернет саудаға қатысты осындай бұйрықтың барын екінің бірі біле бермейді", - деді ол.
Қайда жүгінуге болады?
Заң бойынша, шағым қабылданып, 10 күн ішінде жауап қайтарылуы керек. Егер ондай болмаған жағдайда, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгіне аласыз.
Тұтынушылық құқықтар бұзылған жағдайда шағымды E-tutynushy онлайн-сервисінің көмегімен беруге болады. Комитет мамандары азаматтарға тегін "жедел желі" телефондары бойынша кеңес береді.
Бұдан басқа төмендегі сілтемелер арқылы жүгіне аласыз:
Еске салайық, бұған дейін сұлулық процедурасы сәтсіз болса, тұтынушы өз құқығын қалай қорғай алатыны туралы материал әзірлеген едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!