Ақмола облысында "Бурабай" ұлттық табиғи паркі (Бурабай) аумағында әйел Бөлектау тауынан құлап қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ақмола облысы Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 11 маусымда болған.
"Ақмола полицейлері "Бурабай" курорттық аймағы аумағында Бөлектау тауынан құлаған әйелдің қайтыс болу дерегі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Қайтыс болған адам жұбайымен және кәмелетке толмаған балаларымен бірге Бурабай ауданы аумағына бір күн бұрын Астанадан келгені анықталды. Бөлектау тауының бақылау алаңына көтерілген кезде әйел суретке түскісі келген, алайда ол 15 метр биіктен құлаған кезде тасқа соғылды", - деді ПД баспасөз қызметі өкілі.
Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!