Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай ауданы тұрғындарымен кездесуінде жиналған қарт әйелдерге назар аударып, оларды бірге суретке түсуге шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің ресми парақшасында Тоқаевтың облыс тұрғындарымен суретке түсіп жатқан видеосы пайда болды. Бір кезде Президент көптің арасынан егде жастағы әйелдерді байқап қалады.
"Ұлттық киім киген апаларды шақырыңыз. Суретке түсейік", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтініші бойынша бір топ адам бөлініп, әйелдерге жол ашты. Президент өз кезегінде оларға сәлем беріп, оның қасына тұруын өтінді.
"Президентіміз қандай керемет", "Өте орынды. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа жақын болыңыз", "Нағыз Президент өз елінен қорықпайды", "Басшымыз бен асыл аналарымыз аман болсын", - деп жазған Желі қолданушылар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!